1. Ауыл шаруашылық жануарларының лейкозбен ауыру ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты, "Бакауов" шаруа қожалығына тиесілі Железин ауданы Қазақстан селолық округінің Жаңа жұлдыз селосындағы алаңы 174,6 шаршы м., кадастрлық № 14-206-016-361, жер учаскесі аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылғы 04 қыркүйекте № 4686 болып тіркелген, аудандық "Туған өлке" газетінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 36 және "Родные просторы" газетінің 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 36 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қазақстан селолық округінің әкімі | З. Оразакова |