Шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 қыркүйекте № 4686 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан селолық округі әкімінің 02.12.2015 № 02 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1-13/139 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Железин ауданы Қазақстан селолық округінің Жаңа жұлдыз ауылында кадастрлық номері № 14-206-016-364, алаңы 174,6 ш.м. "Бакауов" шаруа қожалығына тиесілі жер учаскесінің аумағында ауыл шаруашылық жануарларының лейкозбен ауру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
      2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі", "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша Железин аудандық басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне анықталған ошақта ветеринарлық-санитарлық саулық жағдайына қол жеткізу үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімі З. Оразакова
      КЕЛІСІЛДІ
      "Железин ауданың
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Кантарбаев
      "31" шілде 2015 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринарлық бақылау және қадағалау
      комитетінің Железин аудандық
      аумақтық инспекциясы" М. Балина
      "31" шілде 2015 жыл
      КЕЛІСІЛДІ
      "Тұтынушылардың құқығын
      қорғау бойынша Железин
      аудандық басқармасы" М. Байжумартов
      "31" шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады