«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 -бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 685-ө-м бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9105 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпандағы «Казахстанская правда» № 33 (27654) және 2014 жылғы 18 ақпандағы «Егемен Қазақстан» № 33 (28257) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі Т. Дүйсенова