"Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерiн белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 685-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қаңтарда № 9105 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 480 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.06.2015 № 480 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерiн белгілеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (Қозжанов М.С.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрiнiң    
2013 жылғы «27» желтоқсан
№ 685-ө-м бұйрығымен 
бекітілген       

«Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде
алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған
кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерiн белгілеу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерiн белгілеу қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастамған кезең үшін орташа айлық табыс мөлшерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестiгiн белгілеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыс мөлшерін айқындаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстың барлық түрлерi қабылданады.
      3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрі - агент) берген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 қаулысымен (бұдан әрі – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау қағидалары) белгіленген нысан бойынша есептелген, ұстап қалған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары көрсетілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қатарынан кез-келген үш жылғы жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама (бұдан әрi - табыс сомалары туралы анықтама) немесе жеке кәсiпкерлердiң, адвокаттар мен жекеменшік нотариустардың салық органы растаған табысы туралы анықтама өтiнiш берушінің табысын растайтын құжат болып табылады.
      4. Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлері табыс сомалары туралы анықтамада көрсетілген сомалардың мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының (бұдан әрi – салымшы) транзиттiк шотындағы айналымдардың электрондық үзiндi көшiрмесiне сәйкестiгiн тексереді.
      5. Табыс сомалары туралы анықтамада көрсетілген сомалар, салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электрондық үзiндi көшiрмесiне толық сәйкес келген кезде, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қабылданатын орташа айлық табыстың мөлшері Заңның 16-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
      Табыс сомалары туралы анықтама зейнетақы төлемдерін алушының іс макетіне тігіледі.
      6. Табыс сомалары туралы анықтамада көрсетілген аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электрондық үзiндi көшiрмесiне сәйкес келмеген немесе толық сәйкес келмеген жағдайда Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшелерi агентте анықталған айырмашылықтарды нақтылау үшiн табыс сомалары туралы анықтаманың Орталықтың аудандық (қалалық) бөлiмшесi бастығының қолы қойылған және мөрмен расталған көшірмесін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтiнiш білдірген өтініш берушіге қайтарады.
      7. Агент өтiнiш берушіге осы Қағидаларға қосымшаға айырмашылықтар анықталған айлар бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары аударылғаны туралы сәйкес нысан бойынша анықтама-растама береді. Анықтама-растамада өтiнiш берген адамның тегі, аты, әкесiнiң аты мен туған күнiнен басқа, агент банктің белгiсi бар төлем тапсырмаларының көшiрмелерiмен қоса, салымшыға 10 % мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелерін (банктің атауын, банктің банктік сәйкестендіру коды, агент шотының нөмiрiн, төлем тапсырмасының нөмiрiн, күнін, жалпы сомасы мен жарналар сомасын) көрсетеді.
      8. Айлар бойынша анықталған айырмашылықтар нақтыланғанға дейiн зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қабылданатын орташа айлық табыс, айырмашылық анықталған айлардағы табыс сомасын алып тастай отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айлардағы табыс пен салымшының транзиттiк шотындағы айналымдардың электронды үзiндi көшiрмесiмен расталған сомалардан анықталады.
      9. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін  «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жүзеге асырылмаған табыс қабылданбайды.
      10. Өтiнiш беруші мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару толық жүргiзiлмеуіне байланысты табысы туралы қосымша құжаттарды ұсынған жағдайда, зейнетақының мөлшерін өзгерту Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау қағидаларының 24-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      Бұл ретте, қосымша ұсынылған құжаттар бойынша ескерiлетiн орташа айлық табысының кезеңі, бастапқы ұсынылған, зейнетақы төлемiнiң мөлшері есептелген орташа айлық табысының кезеңіне сәйкес болуға тиіс.

«Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк  
ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде 
алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы
1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа
айлық табыстың мөлшерiн белгілеу  
қағидаларына қосымша        

Нысан

Берілген күні ______________

Мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару туралы
АНЫҚТАМА-РАСТАМА

Салымшы
       

Тегі





















Аты





















Әкесiнiң аты



















Туған күні









               күні айы жылы

Құжат түрі: Жеке куәлік

Нөмiрi










_________ берілді

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)













Ұйымның атауы _______________________________________________________

Төлеуші ұйымның БСН











Төлеуші - ұйымның орналасқан жері ___________________________________ ________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

Төлеуші - ұйымның орналасқан жері ___________________________________ ________ бастап ________________ қоса алынған кезең бойынша

төлем тапсырмасының
күнi

төлем тапсырмасының нөмiрi

Банк
БИК-i

Банктiң
атауы

Жинақтаушы зейне
тақы
қоры немесе БЖЗҚ

Шот
нөмiрi

Төлемтапсырмасының
жалпы сомасы

Жарналар
сомасы

















































      М.О. Кәсiпорын басшысы
      Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрiнiң    
2013 жылғы «27» желтоқсандағы
№ 685-ө-м бұйрығына 
қосымша          

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрiнiң күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 3355 нөмірімен тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 153-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістердің 4-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 4853 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 22 тамызда «Заң газеті» газетінің № 128 басылған).
      3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 312-ө бұйрығына қосымшаның 4-тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 6538 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашада «Казахстанская правда» газетінде № 292 басылған).
      4. «1998 жылғы 1 қаңтардан бергi кезеңдегi табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестiгiн анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 120-ө-м бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде - 8418 нөмірімен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады