Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 17 қаңтар "Атырау" газетінде жарияланған).
2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 5 ақпандағы № 252 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанында "Атырау" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялансын.
ХХХVІ сессия төрағасы | А. Бопылдықов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Қазиманов |