Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 296 шешімі

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 17 қаңтар "Атырау" газетінде жарияланған).
      2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 5 ақпандағы № 252 "Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 230 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанында "Атырау" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялансын.
      ХХХVІ сессия төрағасы А. Бопылдықов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады