"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 409-V "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3185 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылдың 7 мамырында № 18 санында жарияланған) шешімі қолданыстан жойылсын.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХІХ сессиясының төрағасының
міндетін атқарушы, мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев