Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 22.06.2015 № 432-V шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 39 баптарына сәйкес және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 182 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 257-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2814 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" газетінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшасының:
1-жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;
5-жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ш. Жәлелов) жүктелсін.
3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4.
Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.
Аудандық мәслихаттың ХХХVІІ
сессиясының төрағасы С. Қалиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев