«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы, 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 27 шілдедегі № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2055 болып тіркелген. 2011 жылғы 8 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Атамқұлов
Д.Сатыбалды
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев