Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 85 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 2265 болып тіркелген, 2013 жылы 20 сәуірде № 16 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы М. Күнпеисов
Қалалық мәслихатының хатшысы К. Сырлыбаев