«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 24 қараша 2015 жылғы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің 7 маусым 2013 жылғы № 1179 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2322 тіркелген, 5 шілде 2013 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
Аудан әкімі У.Қайназаров