«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Созақ ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызда «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
Аудан әкімі М.Исаев