РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекция" басшысының 2015 жылғы 23 қазандағы № 706 ұсынысына сәйкес, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 2 "Жарма ауданының Жарық ауылдық округіндегі "Арғынбай бұлақ" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 29 мамырда № 3977 болып тіркелген (2015 жылы 6 шілдеде "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. "Жарма ауданының Жарық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман Қ. Калиев осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі | Б. Наурызбаев |