Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 23.10.2015 № 4 шешімімен
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 28 сәуірдегі №206 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жарма ауданының Жарық ауылдық округіндегі "Арғынбай бұлақ" учаскесіне, ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы (Ж.Саржаков), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г.Құлжанбекова) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жыл "22" мамыр
2015 жыл "22" мамыр