Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормотивтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 3132 "2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қарашада № 3553 болып тіркелген, 2014 жылы 26 қарашада аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 92 санында жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 3486 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі "2014 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 3492 болып тіркелген, 2014 жылы 8 қазанда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 78 санында жарияланған) № 3413 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Абилмажиновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Күршім ауданының әкімі | С.Чукаев |