2014 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата- ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 қыркүйектегі N 3413 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте N 3492 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 30.12.2015 № 389 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы бойынша 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау үшін Күршім ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі А.Сеитов

      

 
Күршім ауданының әкімдігінің
2014 жылғы 09 қыркүйектегі
№ 3413 қаулысына қосымша

2014 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
Тәрбиеленушілер саны, адамдар
Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге
Бір айда ата-ананың ақы төлемінің орташа мөлшері, теңге
балабақшалар
шағын орталықтар
балабақшалар
шағын орталықтар
балабақшалар
шағын орталықтар
18 027
13 069
155
335
18 027
13 069
4 600

      
      Ескерту: Ата-ананың ақы төлемі балалардың нақты болуымен айына бір рет жүзеге асырылады.
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады