1. 2012 жылғы 9 тамыздағы № 25 "Облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша нысандарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3090 тіркелген, 2012 жылғы 20 қыркүйектегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. 2012 жылғы 9 тамыздағы № 26 "Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы бойынша құжаттарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3086 тіркелген, 2012 жылғы 11 қыркүйектегі "Орал өңірі" және "Приуралье" жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
А. Өтеғұлов |