Батыс Қазақстан облысы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 51 шешімі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылғы 9 тамыздағы № 25 "Облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша нысандарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3090 тіркелген, 2012 жылғы 20 қыркүйектегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. 2012 жылғы 9 тамыздағы № 26 "Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы бойынша құжаттарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3086 тіркелген, 2012 жылғы 11 қыркүйектегі "Орал өңірі" және "Приуралье" жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
А. Өтеғұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады