Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" № 767 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 қаулысымен күші жойылғанына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 338 "Ақжайық ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3999, 2015 жылғы 12 наурыздағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
Аудан әкімі | Ә. Жоламанов |