"Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 113-2447 қаулысы. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 113-374 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 28.02.2018 № 113-374 (қаулы қол қойылған күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 890 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3254) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы" деген сөздер мен сандар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      5) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) Басқарманың ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімен бекіту;
      5-2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын өтінімдердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;";
      11) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) әкімдікке жергілікті уәкілетті орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ай сайын ұсыну;".
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен тоқсандық және жылдық жиынтық бюджеттік және шоғырландырылған есептілікті қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
      14-2) ашық бюджеттердің интернет-порталына ақпарат орналастыру;";
      25) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2), 25-3), 25-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "25-1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органының қарыз алуын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асыру;
      25-2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;
      25-3) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру;
      25-4) жекешелік әріптестікті айқындау үшін конкурстық комиссияға қатысу;".
      2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 "Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 7 декабря 2016 года № 113-2447. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 28 февраля 2018 года № 113-374.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 "Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны"

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 28.02.2018 № 113-374 (вступает в силу по истечению 6 (шести) календарных дней после его подписания).
      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 "Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 890, опубликовано в газетах "Астана ақшамы" от 21 марта 2015 года № 31 (3236), "Вечерняя Астана" от 21 марта 2015 года № 1 (3254) следующие изменения и дополнения:
      в преамбуле вышеуказанного постановления слова и цифры "от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" заменить словами и цифрами "от 6 апреля 2016 года "О правовых актах";
      в Положении о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны", утвержденном вышеуказанным постановлением:
      в пункте 16:
      после подпункта 5) дополнить подпунктами 5-1), 5-2) следующего содержания:
      "5-1) разработка и утверждение по согласованию с местным уполномоченным органом по государственному планированию бюджетных программ Управления на текущий финансовый год;
      5-2) осуществление проверки представляемых администраторами бюджетных программ заявок на внесение изменений в планы финансирования по обязательствам и платежам администратора бюджетных программ на соответствие бюджетному законодательству Республики Казахстан;";
      после подпункта 11) дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:
      "11-1) ежемесячное представление в акимат информации об использовании денег резервов местного исполнительного органа и его остатках на соответствующий период;";
      подпункт 14) изложить в следующей редакции:
      "14) осуществление приема и проверки квартальной и годовой сводной бюджетной и консолидированной отчетности от администраторов местных бюджетных программ;";
      дополнить подпунктами 14-1), 14-2) следующего содержания:
      "14-1) составление и представление полугодовой и годовой консолидированной отчетности в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;
      14-2) размещение информации на интернет-портале открытых бюджетов;";
      после подпункта 25) дополнить подпунктами 25-1), 25-2), 25-3), 25-4) следующего содержания:
      "25-1) осуществление заимствования местного исполнительного органа города Астаны в виде выпуска государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке при финансировании строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;
      25-2) осуществление принятия государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств местными исполнительными органами;
      25-3) осуществление мониторинга государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств, местных исполнительных органов;
      25-4) участие в конкурсной комиссии для определения частного партнера;".
      2. Возложить на руководителя Государственного учреждения "Управление финансов города Астаны" опубликование настоящего постановления в официальных и периодических печатных изданиях, а также размещение на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Лукина А.И.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания.

      Аким города Астаны А. Исекешев