Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.12.2016 № 113-2447 қаулысымен.1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Басқарма басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә. Жақсыбеков |
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына қосымша |
"Астана қаласының Қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттің атқарылуы саласында басқаруды жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы және штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарма миссиясы: жергілікті бюджеттің атқарылуы және саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Міндеттері:
1) жергілікті бюджетті атқару;
2) бухгалтерлік есепті, бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті жасау;
3) алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын сақтау;
5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
6) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және көтермелеу кезінде гендерлік тенгерім нормаларын сақтау.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Функциялары:
1) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруға қатысу;
2) Басқарма аппаратының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді жасау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру;
5) құзыреті шегінде аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
5-1) Басқарманың ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімен бекіту;
5-2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын өтінімдердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
7) жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есепті жасау және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға, Астана қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – әкімдік), Астана қаласының тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға беру;
8) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебін жүргізу;
9) жергілікті бюджетінің атқарылуы кезінде бюджеттік мониторинг жүргізу;
10) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп және талдамалық есептен тұратын жергілікті бюдеттің атқарылуы туралы жылдық есеп және түсіндірме жазба жасау және әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
11) жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
11-1) әкімдікке жергілікті уәкілетті орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ай сайын ұсыну;
12) дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жиынтық есептер жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
13) мемлекеттік мекемелердің олардың өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстар жоспарларының орындалуы туралы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің демеушілік және қайырымдылық көмегінен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы жиынтық есеп жасау және оны бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
14) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен тоқсандық және жылдық жиынтық бюджеттік және шоғырландырылған есептілікті қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
14-1) жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;
14-2) ашық бюджеттердің интернет-порталына ақпарат орналастыру;
15) Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер коды бойынша ай сайынғы есепке алуды жүзеге асыру;
16) Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы өтінім беру;
18) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін қолма-қол ақшаны, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарын және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет қаражаты есебінен есептеуге арналған ағымдағы шоттарды ашуға өтінім және рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
19) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің беретін мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарына келісім беру;
20) жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу туралы әкімдік қаулысының жобаларына қорытындылар даярлау;
21) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға Астана қаласының бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік ақшаларды басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат әзірлеу және беру;
22) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерін беру, оларды тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
23) несиелік қаражат бойынша қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі есепті бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға беру;
24) жергілікті атқарушы органы қарызының мониторингін жүзеге асыру;
25) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының талаптарын, көлемі мен нысаналы тағайындауын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірге анықтау және келісу;
25-1) Басқарма астананың жергілікті атқарушы органының атынан астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырады;
25-2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;
25-3) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру;
25-4) жекешелік әріптестікті айқындау үшін конкурстық комиссияға қатысу;
25-5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі;
26) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
27) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
28) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
29) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
30) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
32) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
33) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
35) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
37) Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
38) әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу;
39) Басқарма қызметкерлеріне тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде Басқарманың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 07.12.2016 № 113-2447; 21.06.2017 № 113-1277 қаулысымен.17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жергілікті бюджеттің атқарылуы және мәселелері жөнінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
3) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4) сотта талапкер және жауапкер болу.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 07.09.2015 № 113-1559 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 113-900 қаулысымен.3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады;
2) Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершіліктерінің деңгейін белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынасындағы мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
6) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
7) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке жауапкершілік белгілей отырып, ол үшін әрекет етеді;
9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
25. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.