1. "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2402 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 988 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 (3353) "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 (3371) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А. И. Лукинге жүктелсін.
Әкім | Ә. Исекешев |