«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Алиевке жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 102-234 қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылған Астана қаласы әкімдігінің кейбір
қаулыларының тізбесі
1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1250 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 836 болып тіркелген).
2. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1249 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте 838 болып тіркелген).
3. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1258 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 835 болып тіркелген).
4. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 102-1644 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 6 қарашада 850 болып тіркелген).
5. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1816 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсанда № 857 болып тіркелген).
6. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1815 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсанда № 858 болып тіркелген).
7. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 102-1824 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 860 болып тіркелген).
8. «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 102-2173 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 22 қаңтарда № 878 болып тіркелген).