Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 102-1644 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 850 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 102-234 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 09.02.2016 № 102-234 қаулысымен.

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).
      2. «2014 жылға арналған Астана қаласының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге тыңайтқыштарды, жанар-жағар май материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау нормаларын, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 102-877 (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 маусымда Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 816 болып тiркелген және 2014 жылғы 1 шілдедегі № 71 (3147) «Вечерняя Астана», 2014 жылғы 1 шілдедегі № 72 (3129) «Астана Ақшамы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ____________А. Мамытбеков
      2014 жылғы 3 қазан

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 қазандағы 
№ 102-1644 қаулысына 
1-қосымша       

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі

Р/с № Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1.

Дәнді дақылдар (бидай, арпа)

2.

Жемшөптік дақылдар (бір жылдық шөп)

3.

Картоп

4.

Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (қызанақ, қияр)

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 қазандағы 
№ 102-1644 қаулысына 
2-қосымша       

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

р/с № Ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға арналған нормасы (теңге)

1.

Дәнді дақылдар (бидай, арпа)

400

2.

Жемшөптік дақылдар

2 500

3.

Картоп

16 600

4.

Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы)

1 500 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады