Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 3 қазандағы № 120-1645 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 853 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы № 135 (3192) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 27 қарашадағы № 134 (3210) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков