«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына сәйкес, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығының күші жойылуымен байланысты, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 02 қарашадағы № С-42/5 «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 қарашада № 5071 тіркелген) күші жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 45-ші
кезектен тыс сессиясының төрағасы Е.Исимбаев
Бесінші шақыралған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Б.Бегалин