Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 02 қарашадағы № С-42/5 "Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № С-45/3 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына сәйкес, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығының күші жойылуымен байланысты, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 02 қарашадағы № С-42/5 «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 қарашада № 5071 тіркелген) күші жойылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының 45-ші
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Е.Исимбаев

      Бесінші шақыралған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Бегалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады