Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 3 қазандағы № 01-31-691 ұсынысы негізінде, Кеңащы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшілдер ауданының Кеңащы ауылы аумағынан ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
2. "Еңбекшілдер ауданының Кеңащы ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Кеңащы ауылы әкімінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 1 шешімің күші жойылсын (2016 жылғы 24 мамырдағы № 5379 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, №60 "Жаңа дәуір - Сельская Новь" Еңбекшілдер аудандық газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Кеңащы ауылының әкімі | З.Рахимова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.Бекмағанбетов |
" ___ " _____ 2016 жылы