РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына, 2016 жылғы 22 сәуірдегі Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бас инспекторы міндетін атқарушының № 01-36-254 ұсынысы негізінде, Кеңащы ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшілдер ауданының Кеңащы ауылы аумағында қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қеңащы ауылының әкімі | З.Рахимова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.А.Бекмағанбетов |
"20" 05 2016 жыл