2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің келесі қаулысының күші жойылсын:
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № А-8/208 қаулысы «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4380 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қазандағы аудандық «Вести» газетінде жарияланған, 2014 жылғы 11 қазандағы аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған);
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы № А-1/1 қаулысы «Шортанды ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 ақпандағы аудандық «Вести» газетінде жарияланған, 2010 жылғы 13 ақпандағы аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Г.Сәдуақасова