«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Бурабай аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 16 қазандағы Бурабай аудандық мәслихаттың № 5С-46/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада аудандық «Бурабай» газетінде, 2015 жылғы 17 қарашада аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
LІ (кезектен тыс)
Сессиясының төрағасы М.Қаржаспаев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ө.Бейсенов