"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет -ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 1-тармақшасының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 113 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 21 сәуірдегі
№ 433 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 болып жарияланған) 1-тармағының 1-тармақшасы;
2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 220 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8442 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 7 тамыздағы № 184 (28123) болып жарияланған) 1-тармағының 2, 3, 4 абзацтары;
3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8812 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) болып жарияланған) 1-тармағының 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 абзацтары;
4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 (28788) болып жарияланған) 1-тармағының 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 абзацтары.