"Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8812 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.05.2016 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарына қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі нұсқаулық;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру жөніндегі нұсқаулық;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасы;»;
      мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) осы бұйрыққа 16-1-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;».
      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулық:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарында қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі нұсқаулық»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарында қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі нұсқаулықта:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Министрліктің номенклатурасы бойынша қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және қызметтен шығару туралы бұйрықтар, сондай-ақ өңірлік және көліктегі ішкі істер департаментерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД), қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының және Министрлікке бағынысты бөліністердің қызметкерлерді босату немесе қызметтен шығару туралы бұйрықтары Министрліктің бұйрығы шыққан күні туралы ескертпемен қызметкерлердің осы санаты штаттарында тұрған бөліністер басшыларының бұйрықтарымен қайталанады.
      Аумақтық органның (мекемелердің) бұйрықтары тиісті ақшалай есеп айырысу жүргізу үшін негіз болып табылады.»;
      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкеріне көтермелеулер түрлерін қолдану ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында көзделген мынадай:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапаттау;
      2) Ішкі істер органының (бөлінісінің) ашық туының фото суретімен марапаттау;
      3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу қолданылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ішкі істер министрінің орынбасары мыналардан:
      1) ІІМ-нің Құрмет грамотасымен марапаттау;
      2) мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ беру;
      3) атқаратын штаттық лауазымында көзделген орта және жоғары басшы құрамның арнаулы атағын бір саты жоғары беру;
      4) ведомстволық медальдармен және төсбелгілерімен наградтау құқығынан басқа ІІО-ның барлық қызметкерлеріне қатысты осы Нұсқаулықтың толық көлемінде көтермелеу қолдану құқығын пайдаланады.
      Лауазымға тағайындау құқығы бар ішкі істер органының (бөлінісінің), ІІМ оқу орнының бастығы:
      1) алғыс жариялауға;
      2) бағалы (атаулы) сыйлықпен немесе ақшалай сыйақымен марапаттауға;
      3) ішкі істер органының (бөлінісінің) грамотасымен марапаттауға;
      4) ішкі істер органының (бөлінісінің) Құрмет кітабына енгізуге;
      5) мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ беру және атқаратын штаттық лауазымында көзделген кіші басшы құрамның арнаулы атағынан бір сатыға жоғары атақ беруге;
      6) ішкі істер органының (бөлінісінің) ашық тұрған жалауының қасында фотосуретпен марапаттауға;
      7) ішкі істер органының (бөлінісінің) Алғыс хатымен марапаттауға құқылы.
      Комитеттің төрағасы бағынысы бөліністерде қызмет өткеретін қызметкерлерге қатысты:
      1) алғыс жариялауға;
      2) бағалы (атаулы) сыйлықпен немесе ақшалай сыйақымен марапаттауға;
      3) грамотамен марапаттауға;
      4) ведомстволық төсбелгілермен наградтауға;
      5) Ішкі істер министрлігінің ашық тұрған жалауының қасында фотосуретпен наградтауға;
      6) Алғыс хатпен марапаттауға құқылы.
      Комитеттердің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ-нің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің бастықтарының орынбасарларына сыйақы беру, оларға материалдық көмек көрсету және үстемеақы белгілеу ішкі істер органының (мекеменің) қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті басшысының бұйрығымен жүргізіледі.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту ережесінде:
      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ІІМ-нің тікелей бағынысындағы аумақтық ішкі істер органдары бөліністерінің қызметкерлерін қоспағанда, ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «2. Қызметтік тергеу ІІО қызметкерлерінің баянаты және (немесе) басқа да құқық қорғау органдары және сот органдары қызметкерлері хабарламаларының негізінде ішкі істер органы (мекемесі) басшылығының бұйрығы, жазбаша нұсқауы бойынша жүргізіледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметтік тергеудің жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, оны жүргізуге бірнеше қызметтің өкілдері, тиісті мамандар тартылады, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.
      Полиграфологиялық тексеру ішкі істер органы басшысының шешімі бойынша тағайындалады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      11. Қызметтік тергеу жүргізу құқығы берілген қызметкер белгіленген тәртіппен:
      1) қызметкерлер мен азаматтардан жазбаша түсініктемелер алуға, жауап алуды жүргізуге;
      2) тиісті құжаттармен танысуға, қажет болған жағдайда оларды немесе олардың көшірмелерін қызметтік тергеу материалдарына қосуға;
      3) арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мамандардан кеңестер алуға;
      4) анықтауға жататын мән-жайларды анықтау үшін қажетті ақпарат ұсыну туралы басқа қызметтерге тапсырмалар мен сұрау салулар дайындауға;
      5) қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқиға орнын қарауға;
      6) полиграфологиялық зерттеу жүргізу туралы өтініш беруге құқылы.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ-нің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға арналған үлгі келісім-шартта:
      5-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5)6)8)9)11)12)13)14)15)16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір толық айға тең есептеледі.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, ұзарту, өзгерту және бұзу ережелерінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тыңдаушы (ІІО-ның қызметкері) Ішкі істер министрлігінің, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, ІІМ-нің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 5)6)8)9)11)12)13)14)15)16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуге, тамақтануға, заттай жабдықталымына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға тиіс сома мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет толық атқарылмаған әрбір айға тепе-тең есептеледі.
      Қызметтен босатылған қызметкерлерден бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер департаменттері, көліктегі ішкі істер департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері жүзеге асырады.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру туралы нұсқаулықта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулық»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулықта:
      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кезекті демалыстарды берудің осы тәртібі қызметке қайта қабылданған ІІО-ның бұрынғы қызметкерлеріне де қолданылады, ал еңбек сіңірген жылдары үшін қосымша демалыс оларға қайта қабылданған жылы қызмет өткерген уақытына қарамастан толық көлемде беріледі.»;
      23-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «ІІМ білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына каникулдық демалыстар кезеңінде қалааралық автомобильде (таксиден басқа), темір жол мен су көлігінде тұрғылықты жеріне баруға және қайтуға арналған жол жүру ақысы төленеді.»;
      32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыс шеңберінде бiлiм беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге ақшалай үлесi сақталмай, атқарып жүрген лауазымынан босатыла және ІІМ-нің кадрында қалдырыла отырып, оқу демалысы берiледi.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңiнде қызметкер тиiстi органның немесе мекеменiң қарамағына есепке алынады. Бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 21.04.2016 № 433 бұйрығымен.
      2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мерзімді басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 521 бұйрығына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына   
16-қосымша     

Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді
ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасы

1. Жалпы ережелер

      Осы қағида қызметкерлердің қызметін тоқтатумен байланысты қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, оларды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару тәртібін айқындайды.
      Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатуға:
      1) ішкі істер органдарынан жұмыстан шығу;
      2) ішкі істер органдары қызметкерінің өлімі (қаза болуы) немесе заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялау;
      3) қызметкерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ұшты-күйлi жоғалған немесе қабілеті жоқ, қабілеті шектеулі деп тану негіз болып табылады.

2. Ішкі істер органдарының кадрынан шығару

      1. ІІО-да қызметiн тоқтатқан қызметкерлер ІІМ-нің кадрынан шығарылады.
      IІО-да қызметiн тоқтату қызметкерлердi ІІО-дан шығару туралы болмаса сот ұшты-күйлi жоғалған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерлерді жеке құрамның тiзiмiнен шығару туралы тиісті бастықтардың бұйрықтарымен ресiмделедi.
      2. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.
      3. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ ІІМ-нің білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтiк куәлiгiн тапсырады. Зейнеткерлiкке шыққан қызметкерлерге ІІО зейнеткерi куәлiгi берiледi.
      4. Өз еркі бойынша жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.
      5. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 1)2)4) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлер бұл туралы жұмыстан шығарудан кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi. Бұл үшін кадр аппараты Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес хабарлама беріп, қол қойдырады, қажет болған жағдайда Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес хабарлама береді.
      Құқық қорғау органының штатының қысқаруына немесе қайта құрылуына байланысты («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы) жұмыстан шығару осы немесе басқа ішкі істер органының басқа лауазымында пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде, қызметкердің басқа орында қызмет атқаруынан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылады.
      6. Қызметкерлерді еңбек сiңiрген жылдары бойынша немесе өз еркі бойынша жұмыстан шығару («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 1)5) тармақшалары) жұмыстан шығару туралы баянат берген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі. Қызметкердің өз еркі бойынша оны көрсетілген негіздемелер бойынша жұмыстан шығару, емделуде немесе демалыста болған жағдайда бір ай мерзім өткенге дейін де жүргізілуі мүмкін.
      7. Осы Қағиданың 6-тармағында көзделген және төменде көрсетiлген жағдайлардан басқа кездерi, еңбек демалысында және емдеу мекемелерiнде емделiп жүрген уақыт аралығында қызметкерлер жұмыстан шығарылмайды.
      Емдеу мекемесінде үздіксіз төрт айдан аса уақыт емделсе немесе ауруына байланысты демалыста болса (туберкулезбен ауыратын науқастар үшін 10 айдан соң) емдеу мекемесі органның кадр аппаратына емдеу аяқталатын уақыты туралы өзінің қорытындысын ұсынады.
      Емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде органның, бөліністің, ІІМ білім беру ұйымының жұмысқа қабылдауға және шығаруға құқығы бар басшысы үздіксіз емдеуде болу мерзімін ұзарту туралы немесе әскери қызметке жарамдылығы мәселесiн шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияға куәландыруға жiберу жөнiнде шешiм қабылдайды.
      Егер ұзартылған уақыт аралығында емдеу аяқталмаса, қызметкердiң үздіксіз емдеуде болу мерзiмiн одан әрі ұзарту немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияға куәландыру туралы мәселені қайта қарайды.
      Өздеріне қатысты әскери-дәрiгерлiк комиссияға куәландыру туралы шешiм қабылданған қызметкерлер, бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз немесе науқасы анықталып әскери қызметiне жарамсыз болғандықтан әскери есептен шығарылсын деп табылған жағдайда емдеу мекемесiнен шыққанға дейiн де қызметтен шығарылуы (шығаруға ұсынылуы) мүмкiн.
      Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жарақат алған, контузия немесе жарымжан болған қызметкерлердi әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрiгерлiк комиссиямен куәландыру емдеу мекемесiнде емдеу аяқталғаннан кейiн ғана жүргізіледі.
      Егер қалаған жағдайда, емдеуде жүрген қызметкерлер ІІО-дан емдеу аяқталғанға дейiн шығарылуы мүмкiн, ол туралы қызметтен шығу баянатында көрсетуге тиiстi.
      Белгiленген жастан артық мерзiмге қызметте қалдырылған қызметкерлер, сол мерзiм жеткен кезде ІІО-дан «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша (қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша) немесе осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша (еңбек сіңірген жылдары және шекті жасына жетуі бойынша), ал әскери қызметке жарамсыз немесе жарамдылығының шектеулiлiгi туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы бар жағдайда «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша (денсаулық жағдайы бойынша) шығарылады. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметте қалдырылған мерзiмнiң бәрiнде қызмет етпесе жоғарыда аталған негiздер бойынша шығарылуы мүмкiн.
      8. Запаста әскери офицерлік атағы бар орта, аға және жоғарғы басшы құрамдағы адамдарды жұмыстан шығару «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша (жасы бойынша Қарулы Күштер запасына) жүргізіледі. Бұл жағдайда орта және аға басшы құрамдағы адамдар, майорды қоса алғанда, қызметте тұрудың шектi жасына жетуiне байланысты - 48 жас, полиция подполковнигін қоса алғанда, олардың қызметте тұрудың шектi жасына жетуiне байланысты - 50 жас, полиция полковнигi арнаулы атағы бар адамдар қызметте тұрудың шектi жасына жетуiне байланысты - 55 жас, жоғарғы басшы құрамдағы адамдар, полиция генерал-лейтенантын қоса алғанда, шектi жасына жетуiне - 60 жас байланысты жүзеге асырылады.
      9. Еңбек шартының бұзылуына байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда қызметкер қабылдауға және жұмыстан шығаруға құқығы бар ІІМ органының, бөлiнісінің, оқу орнының бастығының атына баянат береді, онда еңбек шартының өзгеруін баяндайды. Бастық онда көрсетiлген мәліметтерді екi апта мерзiм iшiнде тексеруге және өзiне берiлген құзырет шегiнде келесi шешiмдердiң бірiн қабылдауға мiндеттi:
      1) еңбек шартында бұзылған шарттарды жою туралы шараларды даярлауға және қабылданған шаралармен келiсетiндiгi туралы қызметкерге баянат жазуды ұсынуға, қызметiн жалғастыруға және алдыңғы баянатын қайтарып алуға;
      2) еңбек шартының жоюға болмайтын шартының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартуға байланысты қызметкердiң келiсiмi бойынша оны жұмыстан шығаруға, егер жұмыстан шығару жөнiндегi мәселе бастықтың құзыретi шегiнен асатын болса, ол кiдiрместен баянат пен тексеру материалдарын оған құқығы бар жоғары тұрған бастыққа жолдауға мiндеттi.
      10. Қызметкердi аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай қызметкерлерді қызметке сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан шығару кезiнде («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы) оның кәсiби жарамсыздығын объективтi және жан-жақты негiздейтiн қызметтік мінездеме жазылады. Мұндай қорытынды қызметiнiң нәтижелерінен, аталған қызметкердiң iске қарым-қатынасынан, тәртіп пен заңдылық нормаларын сақтау тәжiрибесiнен, оның жеке басының қасиеттерiн талдаудан, кәсiби даярлық деңгейiнен туындауы қажет.
      Бұл ретте, осы негіз бойынша жұмыстан шығарылған қызметкер аттестаттау нәтижесімен танысып, қол қоюға тиiстi. Ол үзілді-кесілді бас тартқан жағдайда, хаттамада және аттестаттауда жазбаша тiркелiп, аттестаттау комиссиясының хатшысы мен аттестаттау комиссияның кем дегенде екі мүшесі қол қоюлары қажет.
      11. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы) ұсынымхатта қызметкер жасаған тәртіп бұзушылықтың мәні мен сипаты, сондай-ақ оған жүктелген міндеттерді орындау тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талабын орындамауы толық қамтылады, бұл ретте «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тарауын және осы Қағиданы басшылыққа алу керек.
      Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға:
      бір жұмыс күнінің ішінде үш және одан да көп сағат жұмыстан себепсіз қалу;
      айналасындағылар үшін айқын көрінетін алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде қызметке келу, соның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде болуға әкелетін заттарды қабылдау;
      өрт қауіпсіздігі немесе ауыр салдарға (жарақаттар, апаттар және тағы басқа салдар) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін көліктегі жол қозғалысы ережелерін бұзу;
      нормативтік құқықтық актілерді бұзу, ІІО басшылығының бұйрықтарын, нұсқауларын орындамау, қызметтік міндеттерін орындамау немесе тиісті орындамау және күрделі салдарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін басқа да теріс қылықтар;
      мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жариялау;
      қолданыстағы тәртіптік жазасы бола тұра, қызметтік міндеттерін себепсіз қайта орындамау немесе тиісті орындамау жатады.
      12. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 9)10)12) – 16)тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қызметкерді қызметтен шығарған жағдайда, қызметкердің оны өз еркі бойынша жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруға тоқтау бола алмайды және жұмыстан шығару үшін негіздемеге өзгеріс енгізбейді.
      13. Қызметкерлерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)– 16) тармақшаларында қарастырылған негізбен жұмыстан шығару теріс қылықтар болып танылады.
      Жоғарыда аталған негіздер бойынша қызметтен босатылған адамдар ІІО-ға қызметке қайта қабылданбайды.
      14. Құқық қорғау органына кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әрекет жасаған, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында мемлекеттік қызметтің беделін және қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, атап айтқанда:
      1) тергеудегі, сотталған адамдармен рұқсат етілмеген байланыста болғаны;
      2) тергеуге зиян келтіретін жедел сипаттағы ақпараттарды жария еткені;
      3) заңсыз әрекеттер жасаған азаматтарға көмектескені;
      4) қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны;
      5) қызметкерлердің, оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының арасында теріс қоғамдық резонанс тудырған жарғыдан тыс өзара қарым-қатынас жасағаны;
      6) кәсіпкерліктің кез-келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысқаны, сондай-ақ қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жұмыстар орындағаны және қызмет көрсеткені үшін қатардағы және басшы құрамдағы адамдар жұмыстан шығарылады.
      15. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)13)14)16) тармақшалары бойынша ІІО-дан жұмыстан шығару жүргізілген қызметтік нәтижелер және Тәртіптік комиссияның тиісті қорытындылары бойынша немесе Алқа болмаса атқарып отырған лауазымына тағайындауға құқығы бар органның бастығы жанында ішкі істер бөлінісінің қызметін тексеру нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша жедел кеңес шешіміне сәйкес жүргізіледі. Қызметкерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12)13)14) тармақшалары бойынша жұмыстан шығару кезінде жасалған теріс қылықтың мазмұны, сипаты және ауырлығы, нысаны және кінә дәрежесі, оны жасаудың мән-жайы, теріс қылық әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін келеңсіз салдарлар, оны жасаған адамның бұрынғы мінез-құлқы, еңбек өтілі, қызметкердің жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар ескерілуі тиіс.
      16. Қызметкерлердi басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты («Құқық қоғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы) жұмыстан шығару тиiстi министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың дәлелді қолдаухаты бойынша жүргізіледі.
      17. Қызметкерлерді қызметтік тергеу, Тәртіптік комиссиялардың ұсынымдары мен жедел кеңестердің шешімдері бойынша қызметтен босату немесе шығару туралы бұйрықтар жеке құрам бойынша тіркеледі, бұл ретте қызметтен босату кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатудың тиісті тармақшасы, тармағы мен бабы міндетті түрде көрсетіледі.
      18. ІІО-дан жұмыстан шығаруға жататын қызметкерлерді анықтаудың және тиісті шешім қабылдаудың алдында ІІО-дағы жұмысының толық жылына дейін шамалы мерзім жетпейтін қызметкерлердің шығарылу және оларға зейнетақының аз мөлшерінің белгіленуіне әкеп соғу оқиғаларын болдырмау үшін тікелей бастық кадр аппаратынан осындай әрбір қызметкерге оның қызметтен шығуы болжанатын күнге еңбек сіңірген жылдары дәл есептелген анықтама сұратуға міндетті. Осыған байланысты кадр қызметі зейнетақы тағайындау үшін қызметтен шығарылғанға дейін еңбек сіңіру мерзімінің алдын ала есебін дайындайды, оны міндетті түрде зейнетақы қызметі тексереді.
      Бұл ретте, зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары бойынша, қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 1) – 4) тармақшалары) жұмыстан шығаруға жататын қызметкерлермен босатуға ұсынудың алдында бір ай бұрын мерзімнен кешіктірмей әңгіме жүргізіледі.
      Белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы), еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы), өз қалауы бойынша («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы) шығарылатын қызметкерлермен әңгімелесу, егер бұл шығару мән-жайларына байланысты болса, басқа мерзімдерде де жүргізілуі мүмкін.
      Сынау мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы байқалған жағдайда, аттестаттау тәртібімен қызметке сәйкес келмеуі бойынша, қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты, айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 9)10)12) – 15) тармақшалары) шығарылатын қызметкерлерге алдағы шығарылатыны туралы оларды шығаруға ұсынудың тікелей алдында хабарланады.
      Әңгімелесуді шығаруға материалдар ұсынған бастықтар не олардың орынбасарлары жұмыстан шығару туралы мәселені тағайындаушы инстанциямен алдын ала келіскеннен кейін жүргізеді. Әңгімелесуге қатысуға қажет болғанда ІІО-ның кадр, заң және қаржы қызметтерінің өкілдері тартылады.
      Қызметкерлермен әңгімелесу алдағы жұмыстан шығаруға ұсыну және оның негіздері хабарланады, жеңілдіктер мен еңбекке орналастыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету бойынша басымдықтар түсіндіріледі және басқа мәселелер бойынша қажетті түсініктер беріледі.
      19. Жұмыстан шығаруға ұсынылатын қызметкерлер олармен тиісті бастықтың әңгімелесуден кейін қажет болғанда олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға медициналық куәландыруға жіберіледі. Комиссияның қорытындысы жұмыстан шығарудың негіздемесін белгілеу кезінде ескеріледі.
      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 2)5) – 15) тармақшалары бойынша жұмыстан шығарылатын қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқық беретін қызмет мерзімі бар болса, әскери-дәрігерлік комиссияларға медициналық куәландыруға жіберілмейді. Соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, бас бостандығынан айырумен байланысты жазалау шараларына сотталуына байланысты шығарылатын адамдарды қоспағанда, бұл адамдардың өтініші бойынша олар ішкі істер органдарынан шығарылғанан кейін медициналық куәландыруға жіберілуі мүмкін.
      Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар жұмыстан шығарылу кезінде мынадай жағдайларда:
      1) жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқық беретін қызмет мерзімі бар болса;
      2) егер еңбек сіңірген жылдары бойынша ең жоғары мөлшердегі зейнетақыға құқығы бар болса, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа толса, әскери-дәрігерлік комиссияларға куәландыруға жіберілмейді.
      Жұмыстан шығаруға жататын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға тиісті тура бастық команда бойынша жұмыстан шығару құқығын пайдаланатын бастықтың атына белгіленген үлгіде ұсынымхат (Нұсқаулыққа 3-қосымша) жібереді, онда жұмыстан босатылатын адамның анықтама және оған мінездеме беретін деректері қысқаша баяндалады, еңбек сіңірген жылдары, қызметке жарамдылық дәрежесі, жұмыстан шығару себептері мен негіздері (тұжырым) көрсетіледі.
      20. Ұсынымхатқа:
      1) қатардағы және басшы құрамдағы адамның ІІО-дан жұмыстан шығару туралы өтінген баянаты (өз еркі бойынша, белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты; еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда жұмыстан шығаруға ұсынылатындарға);
      2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығаруға ұсынылғандарға және ӘДК-ға қызметкерлерді жіберудің жоғарыда көрсетілген жағдайлары кезінде);
      3) қызметтік тергеудің қорытындысы (қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін және құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде);
      4) аттестаттау материалдары (аттестаттау қорытындысы бойынша анықталғандай қызметке сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан шығару кезінде);
      5) сот үкімінің немесе ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату бойынша қаулының көшірмесі (соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне немесе қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылуына байланысты жұмыстан шығаруға ұсынылатындарға) қоса беріледі.
      21. Ішкі істер органының қызметкерін өлімі (қаза болған) немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайында ішкі істер органдарының кадрынан шығару уәкілетті органның (мекеменің) өлім туралы куәлігінің негізінде тағайындауға, жұмыстан шығаруға құқығы бар басшының бұйрығымен жүргізіледі.
      22. Ішкі істер органының қызметкерін ішкі істер органдарының кадрынан шығару, қызметкерді ұшты-күйлi жоғалған немесе қабілеті жоқ, қабілеті шектеулі деп тану Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Қызметкерді ішкі істер органдарының кадрынан шығару кезінде
құжаттарды ресімдеу

      23. Орта, аға немесе жоғары басшы құрамдағы адамды шығарудан бас тарту және тоқтата тұру туралы шешімді тікелей бастығы өзіне берілген құқықтар шегінде және жұмыстан шығаруға байланысты мәселелерді қараудың және шешудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, қабылдайды.
      24. Қызметкерді жұмыстан шығаруға ұсынатын бастықтар және ұсынымхат бойынша қорытынды беретін тікелей бастықтар кадр аппаратының және тиісті қызметтер бастықтарының пікірін ескереді.
      25. ІІО-дан қызметкерлерді шығару туралы бұйрықтарда «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 1-тармағына сәйкес тұжырымдар бойынша босатудың негіздері көрсетіледі.
      Оң аттестатталған қызметкерді шығарудың екі тұжырымын қолдану үшін негіздер бар болған кезде олардың ішінен жеңілдіктер мен артықшылықтарды көбірек алуға құқық беретіні көрсетіледі.
      Органдардың, бөліністердің, оқу орындарының және кадр аппараттарының басшылары қызметкерлерді ІІО-дан шығару кезінде тұжырымдарды дұрыс анықтау үшін жауапкершілікте болады.
      Жұмыстан шығару туралы бұйрықтар қызметкерлерге олар шыққан немесе қызмет орны бойынша алған күні қол қойдыра отырып хабарланады.
      Қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрық бір уақытта оларды ІІМ-нің кадрынан шығару актісі болып табылады.
      26. Арнаулы атақтар беру, лауазымға тағайындау, ІІО-дан жұмыстан шығару және қызметкерлердің қызмет өткеруінің басқа да мәселелері жөніндегі жеке құрам бойынша бұйрықтар осы мәселелерді шешу құқығы берілген бастықтың қол қоюымен шығарылады.
      Бастық уақытша болмаған кезде жеке құрам бойынша бұйрықтар, егер бастықтың міндетін уақытша атқару туралы бұйрықта жарияланса, оның міндетін уақытша атқаратын адамның қолы қойылып шығарылады.
      27. Қызметкерлерді ІІО-дан шығару (жеке құрам тізімінен шығару) туралы бұйрық шыққаннан кейін, егер бұл ретте қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол берілмеген болса және шығаруға (тізімнен алып тастауға) байланысты жаңа мән-жайлар ашылмаса, мұндай актілердің негіздері өзгертуге жатпайды.
      28. ІІО-дан шығарылған қызметкерлерге тиісті кадр аппараттары (шығару туралы шешім қабылдағанға дейін кету қағазы беріледі) шығарылған күні шығарылғаны туралы жазба енгізілген еңбек кітапшаларын береді, әскери билеттерін қайтарады және тұрғылықты жері бойынша (қалалық, аудандық) әскери есепке тұру үшін белгіленген мерзімдерде осы адамдардың жергілікті әскери басқару органына келуін міндеттейтін ұйғарым береді, жергілікті (қалалық, аудандық) әскери басқару органынан олардың шығарылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды, ал запастағы офицерлер бойынша кадр аппараты олардың қысқартылған әскери істерін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жібереді.
      Бұл ретте жеке іс мұқабасының екінші ішкі жағына (жеке құжаттарды сақтауға арналған конверт желімделген тұсқа) жеке құжаттарының берілгені туралы жазба жазылады, ол алған қызметкердің қолымен расталады.

Ішкі істер органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер
органдарының кадрынан      
шығару қағидаларына       
1-қосымша            

Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару туралы
ХАБАРЛАМА _________________________________________________________________
(қызметкердің арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 11-тарауына сәйкес Сіз «Құқық қорғау қызметі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының ______
тармақшасына сәйкес алдағы уақытта ішкі істер органдарынан
босатылатындығыңыз туралы ескертеміз және Сіз әскери-дәрігерлік
комиссиядан өтуге жіберілесіз.
Бастық: ___________________________________
                    қызметкердің тікелей

___________________________________________
       бастығының лауазымы, арнаулы

___________________________________________
            атағы, тегі, қолы)

20 __ жылғы «___» _______________
Келісілді
Кадр аппаратының басшысы: ___________________________________
                             (лауазымы, арнаулы атағы,
___________________________________
тегі, қолы)
___________________________________
20 __ жылғы «___» _______________
Маған алдағы уақытта босатылуым туралы шешім жарияланды
20 __ жылғы «___» _____________ ______________________
                  (қызметкердің тегі, қолы)

Ішкі істер органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер
органдарының кадрынан      
шығару қағидаларына       
2-қосымша            

Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару туралы
ХАБАРЛАМА

_____________________________________________________________
(қызметкердің арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
      20___жылғы «___»____________ бастап Сіз
________________________ қарамағындасыз. «Құқық қорғау қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес
____________________қарамағында болу мерзімі кемінде 15 күнді құрайды
(Ішкі істер министрінің рұқсатымен кемінде екі ай). Сіз Заңға сәйкес
ішкі істер органдарынан келешекте қызметтен босатылатыныңыз туралы
хабардар етілесіз.

Бастық: _____________________________________________________________
                 (қызметкердің тікелей бастығының лауазымы,
_____________________________________________________________________
                   арнаулы атағы, тегі, қолы)
20 ___жылғы «____» __________________________________________________
Келісілді
Кадр аппаратының басшысы:

_____________________________________________________________________
            (лауазымы, арнаулы атағы,
_____________________________________________________________________
      тегі, қолы)

20 ___жылғы «____» __________________________________________________
Келешекте қызметтен босатылатыным туралы шешіммен таныстым
___________________________________
      (тегі және қолы)
Қызметкердің тұрғылықты жері бойынша 20__жылғы «____» _______________
алғаны туралы белгі қойылған хабарлама жіберілген хаттың шығыс №
___________және күні 20__жылғы «___» _____

Ішкі істер органдарындағы қызметін
тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер
органдарының кадрынан     
шығару қағидаларына      
3-қосымша           

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
80-бабының 1-тармағы бойынша
_________________________________________________________________
        (арнаулы атағы, тегі, аты,
_________________________________________________________________
      әкесінің аты, жеке нөмірі, атқаратын лауазымы)
_________________________________________________________________
ішкі істер органдарынан__________________________________________
(запасқа немесе әскери есептен шығару арқылы)
___________________________________________________________ босатуға

ҰСЫНЫМХАТ

Туған күні, айы мен жылы ____________________________________________
Білімі: а) жоғары ___________________________________________________
б) кәсіби ___________________________________________________________
в) әскери ___________________________________________________________
Запас бойынша әскери атағын көрсете отырып, ҚК, ҰҚК, ІӘ, ІІМ-дегі,
басқа да әскерлер мен әскери құрамалардағы қызметі
_____________________________________________________________________
Еңбек сіңірген жылдарының есебіне сәйкес 20__ жылғы «__» ___ еңбек
сіңірген жылдары:
күнтізбелік ____________, жеңілдікпен есептегенде ___________________

МАЗМҰНЫ

Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі _________________________________
(ұсынымхаттың сыртқы жағы)
Басшы құрамдағы адамға қатысты босату туралы әңгімелесуді кім және
қашан жүргізді ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________ әскери есепке қою үшін жіберіледі.
Көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасы жағдайы (балаларының жасы көрсетілген отбасы құрамы) _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бастық (командир) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___»_____________________________________________________

Кадр аппаратының қорытындысы
Ұсынымхат бойынша шешім

Ескертпе:
      Ұсынымхатта мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) білімі туралы – қызметтік тізімдегі тиісті жолдарды толтыру үшін белгіленген құрылымда;
      2) еңбек сіңірген жылдары туралы – қызмет еткен жыл, ай және күндер саны; жұмыстан шығарылушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шығуға құқығы болған жағдайда, қызмет өтілі белгіленген тәртіппен жасалған және ресімделген еңбек сіңірген жылдарын есептеуге сәйкес көрсетіледі;
      3) «Мазмұны» бөлімінде жұмыстан шығарылушыға оның ІІМ жүйесінде қызмет еткен кезеңіндегі сипаттаушы деректері, жұмыстан шығару қажеттілігін растайтын дәлелдер мен жағдайлар қысқаша жазылады;
      4) кіммен және қашан әңгімелесу жүргізілді, қызметкермен әңгімелесу кезінде алдағы уақытта жұмыстан шығаруға ұсыну және оның негіздері туралы хабарланады, еңбекке орналастыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер мен артықшылықтар түсіндіріледі және басқа да мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріледі;
      5) қызметке жарамдылық деңгейі туралы – қашан және қандай әскери-дәрігерлік комиссиясы куәландырды, науқасы туралы куәлікті қашан және кім бекітті, науқасы туралы бекітілген куәліктен әскери қызметке жарамдылық деңгейінің сөзбе-сөз тұжырымы. Егер жұмыстан шығарылушы медициналық куәландыруға жіберілмесе, оның себебі көрсетіледі;
      6) әскери есепке жіберілгені туралы – тиісті жергілікті әскери басқарма органының атауы;
      7) көтермелеу шаралары туралы – жұмыстан шығарылушыны көтермелеу туралы ұсыныс (қолдаухат) және оны кімнің құқығымен жасаған орынды.
      Ұсынымхаттың «Аға бастықтардың қорытындысы» бөліміне сәйкесінше жоғары тұрған тікелей бастықтардың шешімдері енгізіледі.
      Аға бастық жұмыстан шығару туралы ұсынымхатпен келіскен жағдайда, ол өз шешімін, сондай-ақ көтермелеу туралы қолдаухатын (егер жұмыстан шығарылушыны жоғары тұрған бастықтың құқығымен көтермелеу қажет болса) баяндайды.
      Жұмыстан шығару туралы ұсынымхатпен келіспеген жағдайда, бастық жұмыстан шығарудан бас тартады немесе жұмыстан шығарудан бас тарту немесе тоқтату туралы шешімді жоғары тұрған бастық қабылдау қажет болса, белгілі бір мерзімге тоқтата тұрады.
      Барлық жағдайда тиісті бастықтың жұмыстан шығарудан бас тарту немесе жұмыстан шығаруды тоқтату туралы үзілді-кесілді шешімі және осындай шешім қабылдауға негіз болған себептер жұмыстан шығарылуға ұсынылған адамға органның, бөліністің, оқу орнының бастығы арқылы жарияланады.
      «Ұсынымхат бойынша шешім» бөліміне кадр аппараты жұмыстан шығару немесе жұмыстан шығаруды белгілі бір мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар бастық ұсынымхат бойынша қабылдаған шешімнің мазмұны туралы жазба енгізеді.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 521 бұйрығына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына   
16-1-қосымша    

Ішкі істер органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет
өткеру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Ішкі істер органдарының қарамағында болу – штаттық лауазымды ауыстырумен байланысты емес ішкі істер органдарында қызмет өткеру болып табылады.
      2. Күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, ІІО қарамағына қабылданады.
      Қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған уақыты қызмет өтіліне есептеледі.
      3. Органның қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай ұстауы күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге сақталады.
      4. Орган басшысы және кадр аппараты қызметкерге оның біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, тиісінше функционалдық міндеттер жүктейді, ол оны қарамағында болудың барлық кезеңінде штаттық лауазымды ауыстырмай орындайды.
      Қарамағындағы қызметкер қызметте дәлелсіз себеппен болмаған жағдайда оған қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.
      5. Қарамағында болу кезінде қызметкерлерге тиісінше лауазымға тағайындалғанға дейін кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді.

2. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау
тәртібі мен негіздері

      6. Ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы қағидада көзделген тәртіпте және негіздерде атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, ішкі істер органының қарамағына қабылданады.
      7. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері:
      1) қызметкердің өз еркі бойынша атқарып отырған лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен жүгінуі;
      2) қызметкерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жазалау тәртібінде немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып отырған лауазымынан босату;
      3) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар өткізу;
      4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жіберу мерзімінің аяқталуы;
      5) атқарып отырған лауазымы бойынша өкілеттіктер мерзімінің өтуі;
      6) әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысы;
      7) баласы үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шығу болып табылады.
      8. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және ішкі істер органының қарамағына қабылдау ішкі істер органы басшысының не болмаса уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
      Тағайындауға, босатуға құқығы бар басшының өтініші бойынша қызметкердің ішкі істер органының қарамағында болу мерзімін Министр екі айға дейін ұзартады.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет орнынан тиісті құқық қорғау органы тұрған жерге дейін жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша оқып жатқан адамдар үшін – білім ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық іс ақтау негіздері бойынша қысқартылған немесе ақтау үкімі шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнінен бастап және босатылған күнін қоса алғанда, қылмыстық жауапқа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты ішкі істер органының қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.
      9. Ішкі істер органының қарамағындағы қызметкерге ішкі істер органының белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.
      Ішкі істер органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған тәртіптік жазалар салынады.
      10. Қызметкердің ішкі істер органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметіндегі өтіліне, арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
      11. Атқарып отырған лауазымынан босатылған және ішкі істер органының қарамағындағы, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге оларды қызметте одан әрі пайдалану туралы мәселенің шешілуі кешіктірілген жағдайларда пайдаланылмаған демалысы беріледі. Оларда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшін ақшалай ұстау ішкі істер органының қарамағында болу мерзіміне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негізгі лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленеді.
      12. Лауазымға тағайындау құқығы бар басшы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып, ішкі істер органы қарамағындағы қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынады.
      13. Ішкі істер органының қарамағындағы қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде оның біліктілігі, атағы, еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, бұрынғы лауазымы ескерілуі тиіс.
      Қызметкер ішкі істер органының қарамағына «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 2-тармағының 134 және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда қызметкердің кәсіби қасиетін ескере отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келу шартымен лауазым ұсынылады.
      Қызметкер ішкі істер органының қарамағына «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуы тиіс.
      Қызметкер ішкі істер органының қарамағына «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.
      14. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде ішкі істер органының кадр бөлінісі акті ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
      15. Қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан және ішкі істер органының қарамағында болу мерзімі аяқталған жағдайда белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарынан қызметтен босатылады.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 521 бұйрығына   
3-қосымша      

Ішкі істер органдарына қызметке 
қабылдау, лауазымға тағайындау,
қызмет бабында ауыстыру және  
жоғарылату, басқа қызметке жіберу
және ішкі істер органдарына қайта
қабылдау туралы нұсқаулыққа  
8-қосымша           

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАМАҒЫНДА ТҰРҒАН АДАМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
/ішкі істер, органының ҚАЖ атауы/

      Басталды:
      Аяқталды:

Атағы

Тегі, аты, әкесінің аты

Соңғы атқарған лауазымы

Қарамағында қалдырылған күні

Күнделікті белгілеу
Күні
20__ ж. «__»___

Ескертпе

1







2







3







4








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады