1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты Жайсаңбай ауылдық округінің "Атан өлген-Ақтікен" мал қыстағындағы "Сартай батыр" шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 5 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4953 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымдағы "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі: | Ғ. БАЙТАҚОВ |