1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | С. Үсенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Исмагулов |
2016 жылғы 23 ақпандағы № 224 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 ақпандағы № 151 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-105 тіркелген, 2010 жылғы 17 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);2) "Мәртөк ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 195 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);
3) "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 203 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4606 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).