Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы N 151 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 16 ақпандағы N 3-8-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 224 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 23.02.2016 № 224 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Күнделікті пайдаланатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға оқу жылына (қыркүйек – мамыр айларына) ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А.Т.Жұмабаева) материалдық төлем төлеуге қаржы қарастырсын.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
      4. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудандық мәслихат сесссиясының төрағасы Н. Әшімов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады