Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы "Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты аудан әкімінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 "2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 қаңтар № 4703 болып тіркелген, 11 ақпан 2016 жылы аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ш. Тлеумағанбетов |