2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4703 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 05.05.2016 № 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561–IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген Ойыл ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      3. Аудан әкімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 19 "2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 4142 болып тіркелген, "Ойыл" аудандық газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазбаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Ш. Тлеумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады