Хромтау аумағында жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" заңдарын басшылыққа алып Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 "Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Ақтөбе облысы әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне 2016 жылғы 17 наурызда № 4795 нөмірімен тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
Аудан әкімі | А. Усмангалиев |