Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 9 маусымдағы № 216 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 санымен тіркелген, "Шежірелі өлке" газетінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 31 (696) санымен жарияланған.
2) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 256 Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы
3) Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 58 "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Ж. Утегенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М. Жиенғазина |