Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе олысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № 273 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 9 маусымдағы № 216 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 санымен тіркелген, "Шежірелі өлке" газетінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 31 (696) санымен жарияланған.
      2) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 256 Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы
      3) Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 58 "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Утегенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Жиенғазина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады