1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" № 111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 14 мамырында № 2698 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 "Жетісу", 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 111 "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 213 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 4 маусымында № 3193 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 "Жетісу", 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. "Aлматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |