«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1)«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9777 тіркелді, 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2731) «Юридическая газета», 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2557) «Заң газеті» газеттерінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 7 шілдедегі № 403 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11843 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов