Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 307 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1)«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9777 тіркелді, 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2731) «Юридическая газета», 2014 жылғы 29 қазандағы № 163 (2557) «Заң газеті» газеттерінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 7 шілдедегі № 403 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11843 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады