«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 маусымда № 11422 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28770), 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28168) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Е. Сағадиев