"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 358 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 маусымда № 11422 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28770), 2016 жылғы 3 наурыздағы № 42 (28168) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады