«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кірме жолдармен жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі.№ 721 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміңде № 8825 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму виде-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев