«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны лacтaу көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 6 тамыздағы № 252-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4904 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйекте №141(1170) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және ресми жариялау көздерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев