"Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны лacтaу көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысы ның 2007 жылғы 6 тамыздағы № 252-ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 379 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны лacтaу көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 6 тамыздағы № 252-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4904 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйекте №141(1170) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және ресми жариялау көздерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                               Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады