1. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 41/01 "Қарағанды облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3391 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 қыркүегінде "Орталық Қазақстан" № 140 (22025) және "Индустриальная Караганда" № 125 (21876) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысы әкімі | Н. Әбдібеков |